Қазақстандық спортшы Анастасия Лаврова үстел теннисінен германиялық клубқа мүше болады.

Спортшы Германияның Йена қаласында жергілікті Schott Jena клубымен бір жылға келісім шартқа отырды.

Айта кетерлігі, Анастасия Лаврова ұлттық құрама сапында Токио Олимпиадасына қатысты. Үстел теннисі бойынша өткен бәсекеде ол алғашқы айналымда қарсыласына жол берді.