Португалиялық жартылай қорғаушы Эривалдо еркін агент ретінде «Тараз» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

27 жастағы вингер «Астанаға» кеткен Эуженионың орнына келді. Оның кейінгі клубы болгариялық «Берое» болған, биыл шілдеде ол еркін агент ретінде командадан кеткен.

Эривалдо Эужениомен кеңескеннен кейін, жамбылдықтар ұсынған келісімшартқа келіскен.

Эривалдо Болгарияға кетпес бұрын португалиялық «Лейшоеш», «Маритиму», «Академика Визеу» және «Авеш» сапында ойнаған. Өз елінің жастар құрамында бір матч өткізген.