Қазақстандық OCTAGON лигасының баспасөз қызметі бахрейндік BRAVE CF промоушенімен алдағы бірлескен турнирдің кардын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегіне қазақстандық OCTAGON лигасының бұрынғы чемпионы Нұржан Ақышев (11-2) қатысады. «Бизонның» қарсыласы Оңтүстік Корея өкілі Тэ Кюн Ким (8-0) болады.

Ивенттің тағы бір басты жекпе-жегінде қазақстандық Василий Тахтай (8-0) бразилиялық Роджер Сампайомен (9-1) кездеседі.

Басты кардтың үшінші кездесуінде бұрынғы M-1 Global чемпионы Асу Алмабаев (12-2) бұрынғы M-1 Global чемпионы Александр Доскальчукпен (10-2) күш сынасады. Сонымен қатар, басты картада екі қазақстандық файтер - Азат Мақсұм (12-0) мен Ильяр Асханов (9-3) өнер көрсетеді.

Алдағы турнирдің бастапқы кардында қазақстандық бес файтер бақ сынасады. Аса жеңіл салмақта (56,7 келі) OCTAGON чемпионы Дамир Төленов (6-0) қырғызстандық Нұрбек Болотбековпен (6-1) кездеседі. OCTAGON лигасының файтері Ақтөре Батырбек (3-0) қырғызстандық Эрнис Абдилаким Уулымен (5-0) кім мықтыны анықтайды. Жартылай ауыр салмақтағы (93 келі) OCTAGON чемпионы Кәрім Рузбакиев (6-1) 21 тамызда өзбекстандық Кодирхон Ганиевпен (5-1) күш сынасады. Жартылай орта салмақта (77,1 келі) OCTAGON лигасының чемпионы Бауыржан Қуанышбаев (10-3) өзбекстандық Фахриддин Мардиевпен (9-2) кездеседі.

Бастапқы кардтың үшінші жекпе-жегінде қазақстандық файтер Әлішер Ғабдуллин (7-3) қырғызстандық Бекзат Сапаровпен (6-2) жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, OCTAGON мен BRAVE-тің бірлескен турнирі 21 тамызда Алматыда өтеді.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN табиғи суы мен 1XBET букмекерлік кеңсесі.