«Құлагер» хоккей клубы қорғаушы Алексей Грищенконың кететінін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.⠀Хоккейшінің өз өтініші бойынша келісімшарт бұзылды.⠀Алексей жанкүйерлерге жылы қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.⠀«Мен бұл қалаға ғашық болдым, көптеген жақын достар таптым, кез келген клуб мұндай адал жанкүйерлермен мақтана алмайды. Барлығына рахмет айтам», - деді Алексей.

⠀Спортшының мансабын жалғастыратын клубы әлі ресми түрде жарияланған жоқ.