«Қайраттың» 23 жастағы шабуылшысы Артур Шушеначев Қазақстан кубогының 5-турының ең нәтижелі футболшысы атанды, ол турнирдегі голдарының санын 3-ке жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz PFLK-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Кубогы 5-туры аясында өткен 7 ойында 18 гол соғылды (қарағандылықтардың Конференция лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты «Шахтер» - «Ордабасы» ойыны 18 тамызға ауыстырылды).