«Астана» - КуПС матчында Черногория төрешілері қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінің екінші ойыны 12 тамызда сағат 19:00-де басталады.

Кездесудің бас төрешісі - черногориялық Никола Дабанович, оған Милован Джукич пен Владан Тодорович көмектеседі. Төртінші төреші - Милош Боскович.