«Тараз» футбол клубының алдағы ойындары көрерменсіз өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысы бас санитар дәрігерінің шешіміне сәйкес, коронавирус инфекцияның таралу қарқыны артып, өңірдің қызыл аймаққа енуіне байланысты «Тараздың» өз алаңындағы ойындары көрермендерсіз өтеді», - деп жазды клуб.