Әртістік жүзуден жұптық сында ел намысын қорғаған Александра және Екатерина Немичтер Токио Олимпиадасында 16-орыннан көрінді.

Елге оралған соң жарысты қорытындылаған спортшылар өз нәтижелерінің айтарлықтай жақсарғанына баса назар аударды.

«Токио Олимпиадасында біз өзіміздің ең жақсы көрсеткішімізге қол жеткіздік деп ойлаймын. Себебі, екі бағдарламамыз да көңілден шықты. Екеуі де жаңа бағдарлама болатын. Әрине, басқалары мұны жоғары бағаламағаны өкінішті. Бірақ біз бар күшімізді салып, ең жоғары деңгейде орындап шықтық.

Олимпиадаға біз тыңғылықты дайындалдық. Әсіресе, физикалық тұрғыдан мін болған жоқ. Дәл осылай ешбір жарысқа дайындалмаған шығармыз. Психологиялық жағынан де ешбір қиындық туындамады. Біз жақсы маманмен жұмыс істеді, оның де еңбегі еш кетпеді.

Жоғарыда айтып өттім, біздің бағдарламамыз жаңа әрі қиын болды. Әрине, кішігірім қателік болады. Оны бапкерлеріміз айта жатар.

Алдағы жоспарларымызға келетін болсақ, бізді әлі де жарыстар күтіп тұр. Қазақстан чемпионаты, әлем біріншілігі, Азия ойындары бар. Қазір бір ай үзіліс алдық. Ал Париж Олимпиадасына дейін не боларын әлі білмейміз», - дейді Екатерина Немич.