Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы және капитаны Игита KФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында әлем чемпионатының басталуын асыға күтетінін айтты және әлем чемпионатына дайындық процесінің басталуындағы көңіл-күйімен бөлісті. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

«Әлем чемпионатына әр құрлықтан үздік командалар келеді. Мен әлем чемпионатына бір рет қатыстым және оның қалай өтіп жатқанын, онда ойнаудың қаншалықты қиын екенін білемін. Сондықтан мен бұл сәтті асыға күттім. Өткен жылы чемпионат пандемияға байланысты болмады. Бірақ біз күткен уақыт келді. Ұзақ уақыт бірге ойнайтын болсақ, біз мықты боламыз. Барлығы бір-бірін білсе өте жақсы, бұл командаға үлкен плюс. Сондықтан біз кез келген қарсыласқа дайын боламыз. Жаттығудың алғашқы екі аптасында екі айлық демалыстан кейін бізге біраз қиын болады ... », - деді спортшы.

Еске салайық, футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионаты Литвада 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы А тобына кірді, бұл топта Қазақстаннан бөлек Литва, Коста -Рика және Венесуэла құрамалары болады.

Фото instagram.com/kazfutsal