Қазақстандық бадуан Әлішер Ерғалиға Токиода өткенн Олимпиада ойындарында жүлде алмағанымен, қымбат шетелдік көлік сыйға тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz ztb.kz интернет -басылымына сілтеме жасап.

Алишер 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Түркия балуаны Сүлейман Қараденизге есе жіберді. Алайда, бұл күресте түрік балуанының жеңісі әділетсіз болды. Осыдан соң белдесудің төрешілеріне шара қолданылып, бас төреші Хорват Давор Петанзек жарыстан шеттетілді, Германия мен Грециядан келген төрешілер ескерту алды.

Спортшының туған жерінің азаматтары: «Әлішер, сен біз үшін чемпионсың!» деген баннерлермен күтіп алып, оған көліктің кілтін берді. Дегенмен, балуанға мұндай бағалы сыйлықты әкесі жасағанын айта кеткен жөн.

Фото Жеңіс Ысқабай, olympic.kz