Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Прагада (Чехия) өтіп жатқан Challenger турнирінің бірінші айналымында чех спортшысы Далибор Сврциннен 3:6, 2:6 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 1 сағат 10 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тимофей Скатов Корденондағы турнир іріктеуінде италиялық Мишели Вианеллоны 6:4, 6:4 есебімен ұтқан болатын.