Атақты The Ring басылымы барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Орта салмақта қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1) әлі де көш бастап тұр. Екінші, үшінші орынға тиісінше америкалық қос боксшы Джермалл Чарло (32-0-0) мен Деметриус Андраде (30-0-0) жайғасты.

Ал осы салмақта өнер көрсететін тағы бір жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы (10-0-0) 7-орыннан көрінді.

1. Геннадий Головкин (41-1-1) - Қазақстан2. Джермалл Чарло (32-0-0) - АҚШ3. Деметриус Андраде (30-0-0) - АҚШ4. Сергей Деревянченко (13-3-0) - Украина5. Риота Мурата (16-2-0) - Жапония6. Хайме Мунгия (37-0-0) - Мексика7. Жанибек Алимханулы(10-0-0) - Қазақстан8. Крис Юбэнк-младший (30-2-0) - Ұлыбритания9. Лиам Уильямс (23-3-1) - Ұлыбритания10. Феликс Кэш (14-0-0) - Ұлыбритания.