Ресейдің екінші лигасының бесінші турында Алексей Щеткиннің «Роторы» Липецкінің «Металлургімен» сырт алаңда ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үзілістен кейін алаңға шыққан «Ротор» шабуылшысы Андрей Чукановтың дәл соққысының арқасында 66-минутта есеп ашылды. Қалған уақытта таблодағы сандар өзгерген жоқ.

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин осы маусымда бірінші рет «Ротордың» негізгі құрамына шықты.