Танымал әнші Димаш Құдайберген Токио Олимпиадасында жүлде алған қазақстандық спортшыларды жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жеңістеріңіз үшін үлкен рахмет, бауырлар! Елдің намысы үшін тырысып, еңбекпен әкелген қола жүлделеріңіз мен үшін алтыннан кем емес! Алла қаласа бұдан да үлкен шыңдарды бағындыруға нәсіп етсін!», - деп жазды Құдайберген Instagram парақшасында.

Токио Олимпиадасында Қазақстан атынан 97 спортшы 28 спорт түрінен бақ сынаған. Нәтижесінде ел құрамасы 8 қола медальмен 83-орынға тұрақтады.