Бүгін Токио Олимпиадасы мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

ОЛипмиада қорытындысы бойынша медальдар есебінде АҚШ құрамасы бірінші орын алды - америкалықтар 113 медаль еншіледі. Оның 39-ы алтын, 41-і күміс және 33-і қола жүлде. Бұған дейін көш бастап тұрған Қытай екінші орынға сырғыды - 38 алтын, 32 күміс және 18 қола медаль. Үздік үштікті Олимпиада қожайыны Жапония түйіндеді - 58 медаль (27 алтын, 14 күміс және 17 қола).

Ал Қазақстан медальдар есебінде 83-орын алды. Біздің құрамасы биылғы Олимпиадада алтын медаль еншілей алмады. Қоржынға сегіз медаль түсті - бәрі де қола. Көрші елдермен салыстырсақ, Ресей (20-28-23) бесінші орынға тұрақтады. Ал үш алтын мен екі қола медаль еншілеген Өзбекстан 32-орында. Қырғызстан (0-2-1) 70-сатыда тұр.

Медальдар есебі:1. АҚШ — 39-41-332. Қытай — 38-32-183. Жапония — 27-14-174. Ұлыбритания — 22-21-225. Ресей — 20-28-236. Аустралия — 17-7-227. Нидерланды — 10-12-148. Франция — 10-12-119. Германия — 10-11-1610. Италия — 10-10-2032. Өзбекстан — 3-0-233. Грузия — 2-5-144. Украина — 1-6-1245. Беларусь — 1-3-359. Эстония — 1-0-159. Латвия — 1-0-167. Әзербайжан — 0-3-469. Армения — 0-2-270. Қырғызстан — 0-2-177. Литва — 0-1-077. Түркменістан — 0-1-083. Қазақстан — 0-0-886. Молдова — 0-0-1.