8 тамызда футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің 5-туры аясында 4 матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті турдың кездесулері Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан және Түркістанда өтеді.

Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де Алматыда «Қайрат» пен «Жетісу» кездеседі.

Алматыдағы ойынмен бірдей уақытта «Тобыл» өз алаңында «Таразды» қабылдайды.

21:00: Нұр-Сұлтанда жергілікті «Астана» мен қызылордалық «Қайсар» кездеседі.

Ойын күнінің соңғы матчы Түркістанда өтеді. «Тұран» ақтаулық «Каспиймен» кездеседі. «Түркістан-Аренадағы» матч 21:00-де басталады.