Екінші орта салмақта WBC, WBA және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (58-1-2, 36 КО) келесі кездесуін IBO және IBF титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) өткізуі мүмкін. Бұл туралы мексикалық боксшының жаттықтырушысы Эдди Рейнос айтты.

Бұған дейін «Канело» қыркүйекте жекпе -жектен бас тартқаннын жазған болатынбыз. Енді ол қарашада рингке шығуды жоспарлап отыр. Ықтимал нұсқалардың ішінде Рейнозо бұл Головкинмен үшінші жекпе -жек болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Еске салайық, Альварес 18 қыркүйекте орта салмақта IBF чемпионы Калеб Плантпен абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасқысы келді. Бірақ екі тарап келісімге келе алмады.