Ертең қазақстандықтар Токио Олимпиадасының бес спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

7 тамызда балуан Дәулет Ниязбеков жұбаныш жекпе-жектерін өткізеді. Сондай-ақ, каратэші Данияр Юлдашев пен Софья Берульцева бақ сынасады. Марафоншы Жанна Мамажанова финалда өнер көрсетеді.

7 тамыздағы сайыстар кестесі:

Жеңіл атлетика. Марафон. Әйелдер. Финал03:00. Жанна Мамажанова

Каратэ. Әйелдер, +61 келі. Іріктеу11:00. Софья Берульцева

Каратэ. Ерлер, +75 келі. Іріктеу11:00. Данияр Юлдашев

Заманауи бессайыс. Ерлер11:42. Павел Ильяшенко

Велотрек. Кейрин. Ерлер. Іріктеу12:48. Сергей Пономарев

Еркін күрес. Ерлер, 65 келі. Жұбаныш жекпе-жегі15:45. Дәулет Ниязбеков.

* Нұр-Сұлтан уақытымен