Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) әлем чемпионы титулын алуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ол Твиттерде жазды:

«Келесі күнді күтіп жүрмін, үлкен жекпе-жек болады деп үміттенемін. Мен WBO рейтингінде екінші орында тұрмын. Маған әлем чемпионы титулы керек!».

Еске салайық, Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегінде америкалық Роб Брантты техникалық нокаутпен жеңген болатын.