Ресейлік «EXTREMUM» киберспорт ұйымы Dota 2 құрамында тағы да өзгеріс болғанын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Команда сапынан бүгін Максим «mellojul» Пнев ресми түрде кетті. Пнев клуб сапында 2020 жылы маусым айынан бері өнер көрсеткен.

Қазіргі уақытта командада бір ғана спортшы қалды, ол Сергей «God» Брагин.

Естеріңізге сала кетейік, Брагин Dota 2 Champions League 2021 Season 2 турнирінде «AS Monaco Gambit» командасының намысын қорғаған еді.