Қазақстандық файтер Зәмзәгүл Файзолланова (6-1) америкалық PFL промоушенінің турнирінде жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы бразилиялық Марианна Мораис болады. Кездесу 19 тамызда өтеді.

Файзолланова кейінгі жекпе-жегін Fight Nights Global 88 турнирінде өткізіп, ресейлік Алена Горчинскаяны техникалық нокаутпен жеңген болатын.