Аргентиналық қорғаушы Пабло Фонтанелло Ордабасымен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фонтанелло 2017 жылдан бері шымкенттік клубта ойнады, осы уақыт ішінде ол «көк-ақтарда» 137 кездесу өткізіп, 5 гол мен 2 нәтижелі пас авторы атанды.

фото: «Ордабасы» ФК баспасөз қызметі