«Ақтөбе» команданың жаңа бас бапкері Владимир Мухановты таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметіне Владимир Васильевич Мухановтың тағайындалғанын ресми хабарлаймыз», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Владимир Муханов көп жылдар бойы «Ақтөбе» атағының ел ішінде ғана емес, шет елдерде де танылуына еңбек сіңірген бапкер. Қазақстанда ол барлық футболдық трофейді жеңген болатын: Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2007, 2008, 2009). Қазақстан чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері (2003, 2006, 2010). Қазақстан чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2004, 2011, 2012). Қазақстан Кубогінің екі дүркін жеңімпазы (2005, 2008). Қазақстан Суперкубогінің екі дүркін иегері (2008, 2010). Достастық Кубогінің екі дүркін финалисі (2009, 2010)."Ақтөбе" ФК Владимир Мухановқа тағы бір мәрте қош келдіңіз дей отырып, біздің командамызбен бірге үлкен жетістіктерге жете беруін тілейді.