FlyArystan әуекомпаниясы «Тұран» футбол клубының титулдық демеушісі болды, - деп хабарлайды Рprosports.kz ФК ТҰРАН инстаграм парақшасына сілтеме жасап.«Енді FlyArystan логотипі біздің команданың ойын футболкасының алдыңғы жағын, сондай-ақ үй стадионын безендіреді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы – Қазақстанның алғашқы лоукостері және Air Astana әуекомпаниясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. FlyArystan алғашқы рейстері 2019 жылдың мамыр айында іске асырылды. Бүгінгі таңда FlyArystan әуе флотында Airbus A320 үлгісіндегі 10 ұшақ бар. FlyArystan 37 бағыт бойынша қатынайды, оның ішінде 29 ішкі және 8 шетелдік бағыт.