Diario Sport Усман Дембеленің каталондық клубпен жаңа келісімі бір немесе екі маусымға жоспарлануы мүмкін деген ақпар таратты.

Жаңа келісім бойынша тараптар арасындағы талқылау бірнеше апта бұрын басталған. Дереккөз ойыншының агенті мен клуббасшылығы арасында болашақ ынтымақтастықтың негізгі тұстары бойынша толық өзара түсіністік бар екенін хабарлайды.

Еске салайық, Еуро -2020 кезінде Дембеле жарақат алған болатын. Ол қараша айында алаңға қайта оралады деп күтілуде. Усман Дембеле мен Барселона арасындағы қазіргі келісімшарт 2022 жылдың 30 маусымына дейін күші бар.