Мария Агапова UFC-де жекпе-жек өткізу үшін дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы АҚШ -тың Флорида штатындағы MMA Masters -те дайындалып жатыр. Инстаграмдағы парақшасында бойжеткен жаттығуынң видеосын жариялады.

Еске салайық, Мария Агапова 2020 жылдың тамызынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Ол тізесінен ота жасап, қалпына келу кезеңін өткізді. Оның келесі жекпе -жегі 9 қазанда колумбиялық спортшы Сабина Мазоға қарсы өтеді.