МФК «Атырау» ойыншысы Манека Әзірбайжанға ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты futsalkazakhstan инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Әзербайжандық «Араз» футзал клубы МФК «Атырау» ойыншысы Манека есімімен танымал Эмануэль Родригеспен келісімшартқа отырды.

Ойыншы 2021 жылдың ақпанында Атырау командасына қосылды, лиганың 13 ойынында 13 гол соқты, командаға Чемпиондар лигасына жолдама мен күміс медаль алуға көмектесті.