Риодағы Олимпиада чемпионы, өзбек боксшысы Шахобиддин Зоиров 2020 жылы Токиода өтіп жатқан Олимпиадада сенсациялық жеңіліп, ойынын аяқтады, - деп хабарлайды Рrosports.kz.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Зоиров Филиппин өкілінен жеңілді. Зоироты Карло Паалам 4-0 есебімен техникалық шешіммен жеңді.

Осылайша филиппиндік жартылай финалға дейін жетіп, 2020 жылғы Олимпиада ойындарында кем дегенде қола медаль алуға мүмкіндік алды, ал Зоиров Токиодағы өнерін медальсыз аяқтайды. Жартылай финалда Пааламның қарсыласы жапондық Ремей Танака болады.

Қазақстандық Сәкен Бибосынов дәл осы категорияда бақ сынайды. Бүгін, 3 тамызда ол ширек финалдағы жекпе-жегін испандық Габриэль Эскобарға қарсы өткізеді.