ММА-дан Болгарияда өткен әлем кубогында ақмолалықтар екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Болгария астанасы София қаласындағы жарысқа 23 елден 300 -ден астам спортшы қатысты. Қазақстан намысын 29 спортшы қорғады.

Ақмола облысының спортшылары екі қола медаль жеңіп алды: 14-15 жас аралығындағы сайыста Елизавета Симаненко (57 келі) және 16-17 жас аралығындағы жарыста Ильяс Сайфулин (120,2 келіге дейін).

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, үш күміс және сегіз қола жүлде бар.