«Тобыл Ж» бас бапкері «Мақтааралмен» өткен ойыннан соң пікір білдірді.

– Бүгінгі ойын жас жігіттер үшін жоғары деңгейдегі қарсыласымен өздерін көрсетуге мүмкіндік берді. Осындай командалармен ойындарда кез келген қате, эпизодты аяғына дейін жеткізбеу голмен аяқталады. Ойынның екінші жартысында біз алаң иелерінің қақпасын торуылдадық, бірақ гол соғу үшін дәлдік жетіспеді. Жігіттер қанша тырысқанымен, әзірге біз мұндай қарсыласпен тең ойнауға дайын емеспіз. Бұл жігіттер үшін тәжірибе, олар ойыншы ретінде өсіп, дамуы керек.