Токоиода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында футболдан қызар арасындағы жарыстың жартылай финалдық кездесулері өтті, деп жазады Prosports.kz.

Жартылай финалда Швеция құрамасы Аустралияны, ал Канада қыздары АҚШ құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Ақтық сын Швеция мен Канада арасында өтеді. Ойын 6 тамызға жоспарланған. Ал Аустралия мен АҚШ құрамасы Олимпиада ойындарының қола медаліне таласады.