Токио Олимпиадасында бокстан ерлер арасында ауыр салмақта ширек финал аяқталды.

Баходир Жалолов үндістандық қарсыласы Сатиш Кумарды айқын басымдықпен (5:0) жеңіп, жартылай финалға өтті. Бұл Баходир кем дегенде қола медаль жеңіп алды деген сөз.

Жартылай финал 4 тамызда өтеді.

Еске салайық, Баходир Жалолов - қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевтың басты қарсыласы - дегенмен олар тее финалда ғана кездесе алады.