Қазақстан кубогы-2021 топтық кезеңінің 4-турының матчында «Тұран» «Қайратқа» (4: 3) камбэк жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші таймда алматылық клуб қарсыласына жауапсыз үш гол соқты. Гол авторлары – Артур Шушеначев, Гүлжігіт Алықұлов және Андрей Ульшин болды. Бірақ екінші таймда түркістандықтар төрт гол соғып, кездесуде жеңіске жетіп, камбэк жасады.

Қазақстан Кубогы 2021. Топтық тур. 4 -ші тур.

«Тұран» - «Қайрат» 4:3 (0: 3)

Голдар: Төлебек 53, Омаров 57, Нкоби 66, 86 - Шушеначев 12, Алыкулов 14, Улшин 19.

31 шілде. «Түркістан Аренасы».