Түркістандық «Қыран» үш ойыншымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Рrosports.kz. KazFootball.kz-ға сілтеме жасап.

29 жастағы жартылай қорғаушы Эльмар Набиев Қазақстан бірінші лигасының көшбасшысына қосылды. Ол кейінгі екі жыл елордалық СДЮСШОР №8 спорт мектебінде ойнады. Осы маусымда ол Екінші лиганың бомбардирі (13 гол), және бес голмен Қазақстан кубогының бомбардирі атанды. Футболшы Нұр-Сұлтан клубында 29 матч өткізді, 26 гол соқты және бес нәтижелі пас берді. Набиев 2013-2014 жылдар аралығында, сондай-ақ 2016 жылы «Қыран» сапында ойнаған.

Ал, 26 жастағы қорғаушы Ұлар Жақсыбаев осы маусымда Қайсар ойыншысы. Бұған дейін ол шымкенттік «Ордабасы» мен БИИК командаларында ойнаған.

Сондай-ақ, түркістандық клубқа 25 жастағы ресейлік шабуылшы Владислав Кормишин қосылды. Чертаново академиясының түлегі «Нефтехимик», «Арсенал», «Понедельник академиясы», «Салют», «Биолог-Новокубанск», сондай-ақ түріктің «Модафен» мен Латвияның «Локомотив» клубтарында ойнаған. Кормишиннің кейінгі командасы - «Клаб Иглс».