Бокстан Олимпиадада алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері Мырзағали Айтжанов француз Билал Беннамаға қарсы кездесу туралы пікірін білдірді.

- Қарсыласы оңай емес. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Францияның үміт артып отырған боксшыларының бірі. Сол себепті бұған осы екі үш күн бойы жақсылап тактикалық жағынан дайындалдық. Берілген тапсырманың барлығын орындап шықты.

Қарсыласы Сәкенге қарағанда салмақты көп қуатын жігіт. Оны байқап жүрміз. Сондықтан біз жылдамдықты үдетіп, соған жұмыс істедік. Бұл тұрғыдан біздің жоспарымыз орындалып, төрешілер шешімімен айқын басымдықпен жеңіске жеттік.

Испаниялық боксшысы көріп жүрміз. Ендігі кездесуде жақсылап тыңғылықты дайындалып шығамыз. Басты қарсыластардың бірі болады деп осы французды күткенбіз, деді боксшының жеке бапкері.