52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бибосынов 1/8 финалда француз Билал Беннамамен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы қарсыласын 5:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Олимпиаданың бокс турнирінде үш спортшымыз ширек финалға шықты. Бүгін енді Зәкір Сафиуллин 1/8 финал аясында жекпе-жек өткізеді.

Фото: Владимир Семенов, olympic.kz