Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Триестте өтіп жатқан Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз үшінші айналымда италиялық Флавил Коболлиді жеңді.

2 сағат 49 минутқа созылған кездесу 6:7, 6:1, 7:6 есебімен аяқталды.

Скатов жартылай финалда аргентиналық Мартин Этчеверримен кездеседі.