«Жетісу» ФК грузиялық жартылай қорғаушы Тенгиз Цикаридземен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 жастағы футболшы «Дила» командасының түлегі. Кейінгі маусымда «Томь» клубында ойнаған. Ойыншы 20-нөмірмен өнер көрсетеді.