Қазақстандық Қамшыбек Коңқабаев Токиода өткен Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті (+ 91 кг), деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы мысырлық Юсри Хафес болды. Үш раундта да отандасымыз қарсыласына мүмкіндік берген жоқ. Ол 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Қамшыбектің ендігі қарсыласы ресейлік Иван Вериасов болады.

сурет: Жеңіс Ысқабай