Sony компаниясы ойын бөліміндегі жетістігі туралы мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

2020 жылдың 12 қарашасы мен 2021 жылдың 18 шілдесі арасында PlayStation 5 консолі 10 миллионнан аса сатылған. Бұл Sony консольдері арасындағы рекорд сатылым саналады.

Ал PlayStation Studios дайындаған Marvel’s Spider-Man: Miles Morales бейнеойнының 6,5 миллионнан аса көшірмесі сатылған.