«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі сербиялық «Црвена Звездаға» қарсы қарымта матчта оңбай жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл матчта сербиялықтар жауапсыз бес гол тоғытты. Алғашы гол 10-минутта салынды. 10-минутта Александар Катай алыстан дәл соққы жасап, «Црвена Звезданы» алға шығарды.

Араға 12 минут салып Лоис Дьони айып алаңына енер тұста дәл соққы жасады. Бірінші тайм соңында Катай айып соққысын дәл орындап, дубль жасады.

Екінші таймның басында таблода 4:0 есебі тұрды - жартылай қорғаушы Мирко Иванич гол соқты. 56-минутта Филиппо Фалько матч нүктесін қойды. Есеп - 5:0.

Алматыда өткен алғашқы матчта «Қайрат» 2:1 есебімен жеңген. Кейін ойынның қорытындысы бойынша сербиялық клуб 6:2 есебімен жеңіп, үшінші іріктеу кезеңіне шықты. Ал алматылық команда енді Еуропа лигасында бақ сынайды.