Даржанов Сержан Ержанұлы «Ақтөбе» футбол клубының спорт директоры қызметіне ресми түрде тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Сержан Даржанов көптеген спорттық және басшылық қызметтерде жұмыс істеген, атап айтқанда, ол «Актюбрентген» спорт кешенінің спорт директоры болған.