Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды prosports.kz.
Луценко жекелей сында үздік 15-ке де кіре алмады.
Командалық жарыста қазақстандық 21-ші болып мәреге жетті. Ал жекелей сынды 32-ші болып аяқтады.
Жекелей сын. Ерлер. 44,2 км
- Примож Роглич (Словения) - 55: 04.19
- Том Дюмулин (Нидерланды) +1: 01.39
- Роан Деннис (Австралия) +1: 03.90
... 32. Алексей Луценко (Қазақстан) +7: 17.48
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиадада Қазақстан құрамасында әзірге үш медаль бар. Олар: дзюдошы Елдос Сметов және ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло қола жүлдегер атанған болатын.
Фото: Сали Сабиров. Olympic.kz
Комментарии