Тарихта тұңғыш рет Ресей спортшылары Олимпиада ойындарында гимнастикадан командалық көпсайыста бірінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лилия Ахаимова, Виктория Листунова, Ангелина Мельникова және Владислав Уразова Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында алтын медаль алды.

Ерлер құрамасы да ұзақ уақыттан бері алғаш рет «алтын» алды: Давид Белявский, Никита Нагорный, Артур Далалоян және Денис Аблязин көпсайыс бойынша Олимпиада ойындарының жеңімпаздары атанды.