«Қайрат» ойыншылары Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Црвены Звездаға» қарсы матч алдында жаттығу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Назарларыңызға аталған жаттығу сәтінен фоторепортаж ұсынамыз.

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» Сербияның Белград қаласында жергілікті «Црвены Звездамен» кездеседі.

Айта кетейік, Алматыда өткен алғашқы ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.