«Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов сары қағаз көптігіне байланысты Қазақстан Кубогы топтық кезеңінің 4-туры аясында «Қайсармен» сырт алаңда өтетін келесі кездесуге қатыса алмайды.

Керісінше, қос сары қағаздан алуына байланысты өткен ойынға қатыса алмаған қорғаушы Әділхан Таңжарықов және литвалық жартылай қорғаушы Артурас Жулпа алдағы матчта алаңға шығу мүмкіндігіне ие.