«Барыс» хоккей клубы шабуылшы Дмитрий Гурковпен жаңа еңбек келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ойыншымен екіжақты келісімшарт 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған.

Гурков 2016 жылдан бері «Барыс» жүйесінде өнер көрсетіп жүр. Өткен маусымда шабуылшы ҚХЛ-да 32 матчқа қатысып, 5 (1+4) ұпай жинады. Сонымен қатар, Дмитрий «Номад» үшін Қазақстан чемпионатында 15 кездесу өткізіп, 5 нәтижелі пас шығарған.