«Ақтөбе» жергілікті футболдың ардагері Игорь Кистерді спорт директоры қызметіне қайта тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Футболшы ретінде өз кезінде «Ақтөбе» сапында доп тепкен маман - ақтөбелік футбол мектебінің түлегі.Бұған дейін ол ұзақ уақыт бойы «ақ-қызылдардың» спорт директоры, сондай-ақ бапкер және команда жетекшісі міндеттерін атқарған болатын.

Фото instagram.com/fcaktobe_official