Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова бірінші айналымда аустралиялық Айлы Томляновичке қарсы матчты аяқтамай, Олимпиада ойындарында жекелей сындағы жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шведова 5-7, 2-3 есебімен жеңіліп жатқанда матчты жалғастырудан бас тартты.

Ярослава Токиодағы матчтарын аяқтамаған үшінші теннисшіміз болып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Зарина Дияс пен Юлия Путинцева да матчын аяқтамаған болатын.

Фото: Сали Сәбіров, olympic.kz