Қазақстандық зілтемірші Игорь Сон Токио Олимпиадасында 61 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасында Қазақстан атынан қатысып жатқан жалғыз спортшымыз жұлқа көтеруде 131 келіні еңсерді. Ал серпе көтеруде 163-келіні көтерді.

Қос жаттығу нәтижесі бойынша 294 келіні бағындырған Сон Токио Олимпиадасында қола жүлде алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасында екі қола медаль бар.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына екі ауыратлетіміз ғана қатысып жатыр. Енді жарыс жолына Зүлфия Чиншанло шығады.

Фото: olympic.kz, Тұрар Қазанғапов